Атырауда 40 жігіт жаппай төбелесті: Бір адам қаза тауып, екеуі ауруханада жатыр

07.01.2025, 11:55
1005
Атырауда 40 жігіт жаппай төбелесті: Бір адам қаза тауып, екеуі ауруханада жатыр ria.ru

29 жастағы жігіт қаза болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Жаңауыл ауылында 29 желтоқсанда жаппай төбелес болған. Оқиға туралы ақпарат тек қазір белгілі болды. Төбелес салдарынан бір адам көз жұмып, екі адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, екі жыл бұрын Жаңауыл ауылында бар ашылған. Бұл орынға көршілес ауылдардың тұрғындары жиі келетін. Ауылда жергілікті жастар мен көршілес Сафоновка (Сафон) ауылының тұрғындары арасында жиі жанжал туындайтын. Кейде ол төбелеске ұласып отырған.

Ауыл тұрғындары қаза тапқан жігіттің үйінің маңында атылғаны туралы тараған жалған ақпаратқа наразылық білдірді. Олардың айтуынша, ол Сафон ауылының тұрғыны болған.

Сол қайғылы күні Сафоннан шамамен 40 жігіт үш көлікпен Жаңауылға келген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың арасында сөз талас басталып, ол төбелеске ұласқан.

Салдарынан 29 жастағы Сафон тұрғыны қайтыс болған. Сонымен қатар әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға 20 және 33 жастағы екі ер адам жеткізілген.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді.

Тергеу аясында оқиғаға қатысы бар деген күдікпен тағы жеті адам ұсталған. Қалған мәліметтер мен тергеу барысы жария етілмеген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды