Ерлі-зайыптыны өз үйінде атып қашып кеткен алматылық еркек ақыры қолға түсті (ВИДЕО)

07.01.2025, 18:34
1344
Ерлі-зайыптыны өз үйінде атып қашып кеткен алматылық еркек ақыры қолға түсті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Бетіне маска киіп, қолына мылтық ұстаған күдікті ерлі-зайыптыны өз үйлерінде атып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жантүршігерлік қылмыс Алматыда болған. Күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен күдікті ұсталған.

Полицейлер 20 желтоқсанда болған аса ауыр қылмыстың бетін ашып, күдіктіні қолға түсірген. Сол күнгі қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты тұрғындар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр.

Аталған қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, шабуыл жасаған адамның кім екені анықталған. Ол - Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны. Ол бір күн бұрын ұсталып, қамауға алынды.

 

Күдікті әуелде жұмысшы ретінде ерлі-зайыптының үйіне жаңа жиһаздарын орнатып беру үшін барған. Сол уақытта олардың үйінен сейфті байқап қалып, оны тонағысы келген. 

Ол тонау мақсаты үшін бетін медициналық маска мен шарф арқылы жасырып, жұма күні таңертең олардың есігінің қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастаған. Осы кезде күдікті үйдің иелерін аяусыз атып, қашып кеткен.

Күдікті сол сейфті тонау үшін келіп, артынша ерлі-зайыптыны атып кеткенін мойындап отыр.

Сотқа дейінгі тергеу әлі де жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды