«Жаяу бұрқасын, қар, тұман»: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

09.01.2025, 09:15
630
«Жаяу бұрқасын, қар, тұман»: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды Sputnik / Владислав Воднев

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан аймақтарында 09 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен солтүстікте, оңтүстік-шығыста, ҚР орталығында қар жауады, түнде елдің шығысында қалың қар жауады. Елдің батысында, оңтүстігінде жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша тұман, батысында, солтүстігіндее, оңтүстік-шығысында көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстігінде, орталығында, батысында бұрқасын болжанады.

Астана

Астана қ.: 09 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысы

10 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, 09 қаңтарда күндіз, 10 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

09 қаңтарда Қостанай облысының солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 09 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

09 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 09 қаңтарда жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы, Алматы облысы

2025 жылдың 08-09 қантар аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында нөсер жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Ұлытау облысы

09 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Түркістан облысы

09-10 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 09-10 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 09-10 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысы

09 қаңтарда түнде Жетісу облысында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 25 градус ызғар аяз күтіледі.

Атырау облысы

09 қаңтарда Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

09 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 09 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысы

09 қаңтарда түнде Абай облысының оңтүстігінде қалың қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 09 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысы

09 қаңтарда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

09 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

09 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 09 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

09 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 09 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Ақмола облысы

09 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетау қ.: 09 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

09-11 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 09-11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 10 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 09-11 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

09 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Бұрқасын, күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 09 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды