Мұхтар Мағауин өмірден өтті

10.01.2025, 10:47
1135
Мұхтар Мағауин өмірден өтті magauin.com

Бүгін қазақтың халық жазушысы, ғалым Мұхтар Мағауин бақиға аттанды…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ әдебиеті қара жамылды. Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, филология ғылымдарының докторы, публицист, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауин өмірден өтті.

Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин әлеуметтік желіде хабарлады.

Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55), - деп жазды ол.

Сонымен қатар ұлы әкесінің шығармасынан үзінді келтірді:

Мына Мен – айбынды Ғұн, ержүрек Түрік, кемеңгер Шыңғыс хан, Асқақ Алтын Орда, оған жалғас нұр шұғылалы Алаш әулеті – бар ғұмыры жарыққа ұмтылған арпалыс үстінде өткен Мұхтар Мағауин – көзім жұмылған мезетте, бұрнағы Алапат Бабаларым сияқты, өлмес, өшпес, Мәңгілік Аруаққа айналам! Иә!

Жазушы еңбек жолын 1965 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі болып бастады.

1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді. Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.

1986 жылы қаламгер оқырмандарымен кездесуінде «жазушы болмасаңыз, кім болар едіңіз?» деген сұраққа былай деп жауап берген еді:

Менің ойымша, адам өзінің қалауымен жазушы болмайды. Әрине, адам өзінің қалауынсыз, өз еркінен тыс әрекет жасай алмайды. Әйткенмен де,  жалпы өнер саласында адамның бойында бір бейімділік болуы керек. Сол бейімділік ақыр аяғында жазушылыққа, суретшілдікке, композиторлыққа  жетелеп апаруға тиіс. Әйткенмен де, мен егер жазушы болмасам, тарихшы болған болар едім деп ойлаймын.

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген. Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-71 жж. «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983 – 84 жж. еркін шығармашылық жұмыста, 1984-86 жж. «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыс- та, 1988-2006 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.

Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. Филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы. «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері (1997). «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002). Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019).

2006 жылдың желтоқсанында Чехияға қоныс аударды.

2007 - «Жармақ» романы. 

2007-2008 - «Әрқилы әңгімелер», «Талайсыз әңгімелер» топтамалары. 

2008, қараша - 2015, қараша - «Шыңғыс хан және оның заманы», тарихи деректі тетралогия. 

2015, шілде - Америкаға түпкілікті қоныс аудару. Мэриленд штаты, әуелде Вашингтонға іргелес Роквилл кенті, 

2017 жылдың соңынан бастап осы төңіректегі Силвер Сприң кенті. 

2016-2017 - «Естеліктер кітабы»: «Ілияс аға Есенберлин», «Әбіш екеуіміз» және басқа жазбалар 

2018 - «Естеліктер кітабының» жаңа тараулары. 

2019 - Шығармаларының жиырма бес томдық «Толық жинағын» баспаға әзірлеу.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды