1306

Алматыдан тағы да жер сілкінді

Дүмпудің магнитудасы 3.8 балл деп белгіленген.

Алматыдан тағы да жер сілкінді
Adobe Stock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жер дүмпуі Астана уақытымен 16:15-те тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматының солтүстік-шығысында 76 шақырым жерде орналасқан.

- ҚР ҰЭО Геофизикалық зерттеулер институты мәліметтер орталығының шұғыл деректері бойынша, 2025 жылдың 11 қаңтарында Астана уақытымен сағат 16:15-те (Гринвич бойынша 11.15) Алматыдан солтүстік шығысқа қарай шамамен 77 шақырым қашықтықта жер сілкінді, - делінген хабарламада.

Эпицентрінің бағыты 43,59 солтүстік ендікте, 7780 градус шығыс бойлықта жатыр. Магнитудасы – mb=3.8. Энергетикалық класы – K=8.8.

Бұған дейін ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылы 2 қаңтар Астана уақытымен 17 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелген еді. Сілкіністің магнитудасы 2 балл деп белгіленген еді.

Материал авторы