4 жасар бала басын орындыққа қысып алды
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары балаға көмекке келген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде төрт жасар бала басына орындықты киіп, өздігінен шеше алмаған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары баланың басынан орындықтан шешіп алды.
Бала зардап шеккен жоқ. Баланың ата-анасы құтқарушыларға алғысын білдірді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші