Оңтүстік Кореядағы әуе апаты: ұшақтың «қара жәшіктеріне» қатысты тың дерек шықты

12.01.2025, 15:36
1584
Оңтүстік Кореядағы әуе апаты: ұшақтың «қара жәшіктеріне» қатысты тың дерек шықты yna.co.kr

Ұшақ бортында барлығы 181 адам болып, оның 179-ы қаза болған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың "қара жәшіктерінде" апатқа дейінгі соңғы төрт минуттың жазбалары жоқ болып шықты. 

Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесінің B737-800 ұшағындағы "қара жәшіктерге" жүргізген талдауы құрылғылардағы жазу апатқа дейін шамамен 4 минут бұрын тоқтағанын көрсеткен.

Бұл тергеушілерге қиындық келтірген, бірақ "қара жәшіктердегі" деректер жалғыз ақпарат көзі емес екені айтылып отыр. Бұған қоса әуе қозғалысын басқару жазбалары, апат кезіндегі бейнежазбалар және апат орнынан алынған ұшақ қалдықтары зерттеліп жатыр. 

Еске салсақ, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда Jeju Air 7C2216 рейсі апатқа ұшырады. Апат салдарынан 179 адам қаза тапқан.

Ұшақ бортында барлығы 181 адам, оның ішінде 175 жолаушы, 4 бортсерік және 2 ұшқыш болған. Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок ұшақ апатына байланысты 29 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында елде ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)