Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.01.2025, 09:10
587
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Sputnik

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның болажамына қарағанда Астанада 16 қаңтарда кей уақытта жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

16 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын болады Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

16 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

16 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

16 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

16 қаңтарда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

16 қаңтарда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.

16 қантарда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

16 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

16 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

16 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын соғып, күндіз облыс бойынша бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

16 қаңтарда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.

16 қаңтарда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

16 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Осыған дейін маман суға түскенде қандай ережелерді сақтау қажет екенін түсіндіргенін жаздық.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды