Жанжалдан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды полиция құтқарып қалды

Аиса Махамбет Редактор
16.01.2025, 17:15
731
Жанжалдан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды полиция құтқарып қалды бейнежазбадан алынған кадр

Үйге жақындаған кезде олар үй иесінің жіпке асылып тұрғанын көрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде полицейлердің ер адамды құтқару сәті бейнежетонға түсіп қалды.

13 қаңтар түнгі уақытта учаскелік полиция пунктінде қызметте болған полиция инспекторлары Мерген Байжанов пен Нұрхат Салимгереев жергілікті тұрғыннан түсініксіз мазмұндағы телефон хабарламасын алған. Онда ер адам өзі алыс жол жүріп кеткенін жазып, полицейлерден жарты сағаттан кейін үйіне жедел тергеу тобын жіберуді өтінген. Полицейлер дереу оның мекенжайына шықты.

Үйге жақындаған кезде олар үй иесінің жіпке асылып тұрғанын көрген. Полиция капитаны Н.Салимгереев ер адамды дереу көтеріп алып, әріптесі Мерген Байжанов оның мойнындағы жіпті кесіп үлгерген. Ес-түссіз жағдайда болған тұрғынға олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды.

Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адамның жағдайы қалыпты. Мұндай қадамға ол отбасылық кикілжің салдарынан барған.

Күндіз ғана бұл азаматты қаладағы сауда орындарының бірінен көріп, амандасқан болатынбыз. Оның жол жүріп кеткенін айтқан хабарламасы бірден күдік тудырып, жедел жеттік. Ең бастысы, әрине, оның амандығы, ­– дейді әкімшілік аумағын жиі аралап, әрбір тұрғынды жақсы танитын Нұрхат Салимгереев.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды