842

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Sputnik / Владислав Воднев

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағында қар мен жаңбыр түрінде жауын – шашынның түсуіне, солтүстік өңірлерде-қардың, ҚР оңтүстігінің, оңтүстік – шығысының таулы аудандарында-қатты жауын-шашынның түсуіне себеп болады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұрқасын, тұман мен көктайғақ күтіледі.

Астана қаласында 17 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 17 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 17 қаңтарда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 17 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында 17 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Материал авторы