19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

19.01.2025, 09:33
716
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды Sputnik / Абзал Калиев

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Абай облысының оңтүстігінде тұман.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман түседі. 

Алматы облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ.

Алматыда кей уақытта тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші - 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды