Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды

19.01.2025, 14:15
654
Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды бейнежазбадан алынған кадр

Суицид жасамақ болған қызды қос полицей құтқарып үлгерді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полицейлер жас қызды өлімнен құтқарды.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қаңтарда Жамбыл аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне хабарлама түскен. Қыздың айтуынша, Қарғалы ауылында тұратын құрбысы өмірмен есеп айырысуға ниетті болған.

Аталған мекен-жай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшіліктегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев барды.

Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдаған. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапқан.

Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді. Бақытына орай, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыра алды, қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды, – делінген полиция хабарламасында.

Түркістанда бұрынғы келінін тойда ұрып тастаған қайын атаға қатысты сот шешімі шықты Астанадағы базарлар тексерілді: Қарақұмықтың бағасын 82%-ға көтергені әшкере болды Иманбекке «Құрмет» ордені берілді Астанадағы 3 жасар қыздың өлімі: анестезиолог соңғы минуттарда не болғанын айтып берді Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды Оңтайландырылған арнайы салық режимі кімдерге беріледі? Сәбидің 18-20 тісін бірден емдеу: Ұйықтатып қойып, оята алмай қалды Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО) Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады Қарағанды облысында оқушыны отқа ораған жасөспірімге үкім шықты Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев кездесті Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты Ақтөбеде автобус апатынан бес шетел азаматы қаза тапты Қадыров: Украина азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін қатаң жазаланды Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің лауазымы жоғарылады 16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді Трамп Зеленскийден «аздап көңілі қалғанын» айтты Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады