21 жастағы жігіт ойын үшін төрт бірдей туысын пышақтап тастаған

20.01.2025, 09:48
924
21 жастағы жігіт ойын үшін төрт бірдей туысын пышақтап тастаған mgorod.kz

Туысы пышақтап тастаған астаналық ағайындылардың жағдайы белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада жас жігіт 4 адамды пышақтаған. Оның біреуі оқиға орнында мерт болды, қалған үшеуі қазір ауруханада жатыр. 

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем жарақат алған жандарды № 1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді.

— Тексеру нәтижесінде 1964 жылғы әйелдің денесінің әртүрлі бөліктерінде бірнеше жерден тесілген жаралар анықталды, сонымен қатар сол жақтағы қабырға сынған. Ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылды және операция жасалды, қазір пациент қарқынды терапия бөлмесінде жатыр. Сондай-ақ 1974 жылы туған әйелдің денесі пышақпен әртүрлі жерден тесілген, денесі көгерген, сол сияқты бас жарақатын алған және оң жақ қабырғасы сынған. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты, - делінген хабарламада.

Одан бөлек, 18 жастағы қыз зардап шеккен. Елордалық дәрігерлер оның да бірнеше жерден пышақ жарақатын алғанын айтып отыр, қазір пациент ауруханада хирургия бөліміне жатыр.

— Жалпы жағдайы орташа, тұрақты, - дейді денсаулық сақтау басқармадан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада 21 жастағы жігіт төрт бірдей туысын пышақтап тастаған. 

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үйдегі жанжал Free Fire ойынынан туындаған. Мұстафин 21\5 мекенжайындағы үйде таңғы сағат 4.00 кезінде 21 жастағы тұрғынның телефонын үйдегі туыстары тартып алады. Соған ашуланған жігіт туыстары ұйқыға кеткен кезде пышақпен шабуылдаған. Салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады