Енді жоғары білімі жоқ қызметкерлер шенеулік креслосына отыра алады

20.01.2025, 13:30
1111
Енді жоғары білімі жоқ қызметкерлер шенеулік креслосына отыра алады SMARTNEWS.KZ иллюстрациясы / DALL-E нейрожелісі өңдеген

Қазақстанда жоғары білімі жоқ мемлекеттік қызметкерлерге саяси қызметке тағайындалуға рұқсат етілмек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен арнайы жоғары білімі жоқ мемлекеттік қызметкерлерге саяси қызметкер орналасуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Жоғары білімі жоқ мемлекеттік қызметкерлерге саяси қызметкер орналасуға рұқсат беру туралы заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды. Мұндай заң жобасының ұсынылу себебі – енді димломға емес, тек тәжірибеге назар аудару. Аталмыш заң жобасы күшіне енсе, әсіресе ауылдық жерлерде маман тапшылығы мәселесін шешеді деген болжам бар.

“Бізге тәжірибені, өндіріс пен шаруашылық мәселелерін оқулықтан оқып емес, өмірде көріп, түсінген шаруа адамы керек. Ал жоғары білім бар адамдардың бәрінде мұндай тәжірибе жоқ”, – дейді мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Басшылық лауазымдарды қоспағанда, бірінші санаттағы "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары үшін салада кемінде 14 жыл жұмыс өтілі бар адамнан мамандандырылған жоғары білім туралы диплом талап етілмейді. Екінші санат үшін – кемінде 13 жыл тәжірибесі болу керек. 

“Қазір мемлекеттік қызметтегі айлық айтарлықтай көп емес. Ал жоғары білімі бар адамдардың басым көпшілігі мұндай жалақыға жұмыс істегісі келмейді. Екіншіден, мемлекеттік қызметке 15-20 жыл жұмыс өтілі бар мамандарды алсақ, мал шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет сапасы мен техникалық жағы жақсарады”, – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Руслан Танишпеков.

Ұсынылған заң жобасы қаңтар айының соңына дейін қоғамдық талқыға түседі.

Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады