Өз әжесінің 100 мың теңгесін ұрлаған қыз полиция шақырған

21.01.2025, 10:15
581
Өз әжесінің 100 мың теңгесін ұрлаған қыз полиция шақырған SMARTNEWS.KZ иллюстрациясы / DALL-E нейрожелісі өңдеген

Әжесінің ақшасын жұмсап қойған қыз ұрлығын жасыру үшін өзін тонап кеткені туралы оқиғаны ойлап тапқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 жастағы павлодарлық қыз полицияға қоңырау шалып, өзін тонап кеткені туралы хабарлады. Бұл туралы Polisia.kz жазды. 

Оператордың сұрақтарына жылап тұрып жауап берген қыз, оқиғаны шеберлікпен суреттеп, шынайы образға енген. 

«Менің сөмкемді ұрлап кетті! Ішінде 100 500 теңге және көк түсті Samsung телефоны болған. Автобустан түсіп жатқанымда, артымнан бір ер адам келіп, сөмкемді жұлып алып қашып кетті. Мен оның артынан жүгірдім, бірақ қуып жете алмадым. Ол бірден жоқ болып кетті», – деді телефонның ар жағынан өксігін баса алмаған «жәбірленуші». 

Жедел-тергеу тобы дереу оқиға орнына аттанып, қыз көрсеткен мекенжайға жетті. Полиция қызметкерлері, автопатрульдер мен учаскелік инспекторлар жақын маңдағы көшелерді тексеріп, күдіктіге ұқсас азаматтарды іздестірді. Бейнебақылау камералары тексерілді, бірақ оқиға камераға түспеген. Қыздың бұрын ер адамды аулада көргенін айтып, артынан жүгіргенін баяндаған мәлімдемелері күдік тудырды.

Тергеушіге күмән тудырған тағы бір жайт – қыздың қылмыскердің қашқан бағытын нақты айта алмай, біресе бір жақты, біресе екінші жақты көрсеткені. Жәбірленуші полиция бөліміне жеткізілген соң, күдік расталды. Тергеу кезінде қыз айғақтарынан шатаса бастады, артынша шыдамы таусылып, шындықты айтып берді.

Белгілі болғандай, студентке әжесі несие қарызын төлеу үшін 100 мың теңге берген екен. Алайда қыз бұл ақшаны өз қажетіне жұмсап жіберіп, жақындары ұрсады деп қорқып, тонау оқиғасын ойлап тапқан.

«Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін» қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды»

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды