Үйсіз қалған Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алданып қалды

Аиса Махамбет Редактор
21.01.2025, 14:49
914
Үйсіз қалған Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алданып қалды жеке мұрағатынан

Ішкі істер министрлігіне осы сот ісі бойынша қабылдауға жазылып қойған едік дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Актрисаның сөзінше, пресс-конференциядан кейін, өзін алдап кеткен әйелмен кездескен. 

“Жаңа жылдың алдында бірнеше рет Диляра қоңырау соқты. Телефонымды көтермегендіктен, дыбыстық хабарлама алдым. Жолдамасында ол кешірім сұрап, эмоцияның күшімен маған қарсы пресс-конференция бергенін, барлық болып жатқан жайттарға өкінетінін жеткізіп, кездесу сұрады.

Мен өз тарапымнан жауап бердім. Егер нақты ұсыныс болса, тыңдауға дайын екенімді бұған дейін де жария естіртіп келгенмін. Екі тарап адвокаттарымызбен бірге кездестік. Алайда Дилярадан маған бұл жолы да мардымды ұсыныс болмады. Керісінше, мен нақты талаптарымды қайта ескерттім. Ол сол сәтте 2 күн уақыт беруімді сұрады. Осы екі күнде барлық талабымды орындайтынын өз аузымен айтты. Мен сұраған уақытына келісіп кеттім. Бұл қаңтардың 6-сы күні болды. Жоспар бойынша біз 8 қаңтар Ішкі істер министрлігіне осы сот ісі бойынша қабылдауға жазылып қойған едік", – деді актриса.

Актриса Полиция департаментінің қызметкерлері одан министрліктің қабылдауына бармауын сұрағанын айтты.

“Дилярамен кездесуден кейін маған Астана қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерінен әр жарты сағат сайын қоңырау келе бастады. Ескере кетейін, қоңыраулар күндіз-түні болды. Ондағы талап: "Сіз ІІМ-дегі қабылдауыңыздан бас тартыңыз. Біз 20 қаңтарға дейін сіздің мәселеңіз бойынша оң шешім табамыз..." деп сендірді. Өз еркіммен емес, Полиция департаменті қызметкерінің талабы бойынша, мен министрліктегі қабылдаудан бас тарттым.

Енді міне бүгінге дейін маған не Диляра, не ПД қызметкері хабарласқан жоқ. Сондықтан мен ІІМ-ге қабылдауға қайта жазылдым. Сондай-ақ бұл істегі барлық әсер етуші адамдардың аты-жөндерін, полиция департаментіндегі қызметкерлерінің тізімдерін жария ету мақсатында үлкен ашық сұқбатқа келіскенімді жеткіземін", – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды