СҚО тұрғынына көлігін 5 минуттан астам қыздырғаны үшін салынған айыппұл қайтарылды

26.01.2025, 15:35
1673
СҚО тұрғынына көлігін 5 минуттан астам қыздырғаны үшін салынған айыппұл қайтарылды бейнежазбадан алынған кадр

5 минутта көлік жылып үлгермейтінін дәлелдеген тұрғын төлеген айыппұлын қайтарып алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынына көлігін 5 минуттан астам қыздырғаны үшін салынған айыппұлды алып тастады.

СҚО прокурорлары көлігін бес минуттан астам қыздырғаны үшін салынған атышулы айыппұлды алып тастады. Ең бірінші жазаға тартылған елдің солтүстігіндегі қала тұрғыны Алтынбек Әлібеков болды. Прокурорлар полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекет жасағанын дәлелдеген.

Автокөліктерді жылытуға берілген бес минуттық шектеуге ашуланған Әлібеков күтпеген жерден автокөлік жүргізушілерінің арасында жұлдызға айналған. Ол аязды күні Камри көлігін автостартер арқылы қыздырған. Сол сәтте көршілердің бірі оның үстінен шағым түсіріп, жедел полиция қызметкерлері келіп жеткен. Ер адам мемлекет тарапынан берілетін 50 пайыздық жеңілдікті ескере отырып, 9800 теңге айыппұлды төлеген.

Бірақ Алтынбек өзін кінәлі санамайтынын айтты. Өйткені аязды күні көлікті бес минутта жылыту мүмкін емес. Сенсациялық оқиғаға прокурорлар қызығушылық танытқан. Олар жүргізушіге заңсыз айыппұл салынғанын анықтап, ер адамның ақшасын қайтарған.

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында полиция қызметкері хаттама жасау кезінде процессуалдық бұзушылықтарға жол беріп, құқық бұзушының кінәсін растайтын дәлелдемелерді алмаған. Петропавл қаласы прокурорының наразылығынан кейін полицейлердің әрекеті заңсыз деп танылды. Кодекстің 597-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды, – дейді Петропавл қаласы прокуратурасының басшысы Павел Семенов.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті