591

Юлия Галышева 4 жылдан кейін жүлде алды

АҚШ-та фристайлдан жарыс өтіп жатыр.

Юлия Галышева 4 жылдан кейін жүлде алды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, фристайлдан АҚШ-тың Уотервилл қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде отандасымыз Юлия Галышева параллельді могул сайысынан қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін Юлия Галышева 2021 жылы Алматыдағы Әлем чемпионатында фристайл-могул бәсекесінде күміс жүлдегер атанған еді.

Жарыс қорытындысы:

1. Перрин Лаффон (Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы, 5 дүркін Әлем чемпионы)

2. Джелин Кауф (Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері)

3. Юлия Галышева

9. Анастасия Городко

26. Аяулым Әмренова.

Материал авторы