Павлодарда мұғалім оқушының арқасына ине тығып алған

28.01.2025, 12:21
421
Павлодарда мұғалім оқушының арқасына ине тығып алған бейнежазбадан алынған кадр

Мектепке полиция шақырылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, математика пәнінің мұғалімі оқушыны тақтаға шақырып, ол мысалдарды шешіп жатқан кезде, оның арқасына ине шаншып алған. Бұл оқиға Павлодар қаласындағы №26 мектепте болған.

Мектепке полиция шақырылған. Алайда мектеп директоры мұғалімнің қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

Зардап шеккен оқушының әпкесі кейбір мәліметтермен бөлісті. Оның інісі 9-сыныпта оқиды. Айтуынша, ол спортшы, сабырлы және жанжалға бармайтын бала. Кабинетте камера болған, және кадрларда жасөспірімнің мұғалімге әзіл немесе арандатушылық әрекет жасамағаны анық көрінеді.

Математика пәнінің мұғалімі бұл әрекетті не үшін жасағанын түсіндіре алмады. Баланың отбасы полицияға арыз жазды.

Иненің қандай болғаны әзірге белгісіз. Мұғалімнің айтуынша, ол инені лақтырып жіберген. Ал полиция департаменті бұл ине емес, бұранда болған деп мәлімдеді.  Алайда оқушының әпкесі оның арқасында көрінетін жарақат жоқ екенін айтады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды