Төрт жыл бұрын жоғалып кеткен түркістандық қыз табылды

28.01.2025, 15:22
904
Төрт жыл бұрын жоғалып кеткен түркістандық қыз табылды Polisia.kz

Қызымнан хабарсыз қалған күндер артта қалды дейді анасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының полицейлері 4 жыл бұрын жоғалып кеткен қызды тауып, анасымен қауыштырды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Түркістан облысы Төлеби аудандық полициясы осыдан 4 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған жас қызды үздіксіз іздеу нәтижесінде аман-есен тауып, анасымен қауыштырды.

2021 жылдың жаз айында жергілікті тұрғын полицияға 16 жастағы қызының жоғалғанын айтып, арызданған. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылар барлық қажетті тергеу әрекетін атқарған. Бірнеше жыл өтсе де тұрғынның арызы негізінде іздеу ісі жалғасып, нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар айында бір-бірінен көз жазып қалған анасы мен қызының кездесуіне ықпал етті. Әйел қуаныштың көз жасын жасыра алмады.

Қызымнан хабарсыз қалып, нендей жағдайда екенін біле алмай жүрген күндер артта қалды. Сіздерге көп рахмет. Арасында өздеріңізге де сенімсіздік білдірген едім, бүгін міне үмітім ақталып отыр, - деген анасы көңілдегі шынайы ризашылығын жеткізді.

Полиция жас қызды Алматы қаласындағы тамақтану орындарының бірінде жұмыс істеп жүрген жерінен тапқан. Бүгінде қыздың осынша уақыт қайда, не себеппен хабарсыз кеткенін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер осы жайт бойынша мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды