20 жастағы шымкенттік жігіт екі аптадан бері табылмай жатыр

29.01.2025, 11:41
3146
20 жастағы шымкенттік жігіт екі аптадан бері табылмай жатыр бейнежазбадан алынған кадр

Із-түзсіз жоғалып кеткен Бәйдібек Еділбек жақында әскерге барып, борышын өтеп келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт екі аптадан бері табылмай жатыр.

Ордабасы ауданында тұратын Бәйдібек Еділбек 14 қаңтарда жүргізуші куәлігін алу үшін Шымкент қаласына жолға шыққан. Сол күні түсте 20 жастағы жігіт әкесіне хабарласып, ауылға қайтатынын айтыпты. Арада бірнеше сағат өткен соң телефоны өшірулі болған. Содан бері екі апта өтсе де, жоғалған жігіттен әзірге ешқандай хабар жоқ.

Камераға қарасақ бері қарай аялдамаға жүрген кадры ғана бар. Одан басқа ешқандай хабар жоқ. 12 б немесе а-ға отырды деген ақпарат естідік, – дейді жігіттің туысы Әйгерім Әбітаева. 

Жас жігіттен хабар ала алмаған жақындары қаланы аралап, ауруханалар мен мәйітханаларға да кіріп шыққан. Бірақ оны көрген-білген жан табылмай тұр. Шымкент қалалық полиция департаменті іздестіру жалғасып жатқанын жеткізді. Олар адам көп жүретін қоғамдық орындарды сүзіп шыққан. Жігітті әлі де іздейтін боламыз дейді полицейлер.

Жоғалған азамат туралы арыз бойынша полицейлермен іздестіру шаралары жүргізілуде. Ер адамды анықтауға бағытталған жұмыстарға полиция департаментінің барлық күштері жұмылдырылды. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ, – делінген полиция хабарламасында. 

Бәйдібек Еділбек жақында әскерге барып, борышын өтеп келген екен. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды