674

Оралдан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

Орал-Астана бағытындағы ұшақ құстармен соқтығысты.

Оралдан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, FlyArystan FS 7366 рейсі ұшып шығу кезінде Орал әуежайында құстар тобымен соқтығысқан.

"Әуе кемесінің жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ешқандай ақау анықталмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана әуежайына қалыпты режимде қонды. Қону кезінде ұшақтың сол жақ қозғалтқышындағы компрессор қалақтарының және фюзеляж бөліктерінің зақымданғаны анықталды. Сонымен қатар қозғалтқыш ішінде және ұшақтың басқа бөліктерінде құс қалдықтары табылды.

Аталған қалдықтар құстардың түрін анықтау және Орал әуежайында мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында ДНҚ сараптамасына жіберіледі", – деп хабарлады компания.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор