«Шараларды түсіреміз»: Атыраудағы оркестр 1 млн теңгеге алтын түсті iPhone 16 Pro Max сатып алмақшы

30.01.2025, 13:15
327
«Шараларды түсіреміз»: Атыраудағы оркестр 1 млн теңгеге алтын түсті iPhone 16 Pro Max сатып алмақшы Pexels.com / 琦 刘

Хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дина Нұрпейісова атындағы Атырау академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мемлекеттік сатып алу порталында құны 1 063 000 теңге тұратын алтын түсті iPhone 16 Pro Max сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Бұл туралы azh.kz жазды. 

Атап өткендей, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратта тауар белгілеріне сілтемелер немесе нақты сипаттамалар болмауы тиіс. Бірақ оркестрдің жарнамасында дәл осы бренд пен нақты түс қажет екендігі анық айтылған.

Бұл факт белсенділердің ашуын келтірді. Олар смартфон шынымен оркестрдің жұмыс істеуі үшін қажет пе, әлде біреудің жеке пайдалануына арналған ба деген сауал көтерді. Оркестр директоры Хамиль Сүйекбаевтың айтуынша, гаджет шараларды түсіру үшін қажет, ал телефонның алтын түсті екенін көрсету мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс істейтін мамандардың қателігі деп санайды.

– Бұған дейін қызметкерлер жеке телефондары арқылы концерттерді түсіретін. Бірақ телефонның жады жетіспеушілігіне жиі тап болатын. Жаңа мамандық пайда болды - мобилограф. Осылайша біз мекеменің қажеттіліктері үшін смартфон сатып алуды шештік. Түс маңызды емес, ең бастысы ол жоғары сапалы түсіру үшін қажетті сипаттамаларға сәйкес келеді, – деді Сүйекбаев.

Оркестр смартфоннан бөлек штатив пен микрофон сатып алуды да жоспарлап отыр.

«Несі бар, жеңгетай боламын…»: Ләйлә Сұлтанқызы әнші Қазыбек Құрайышқа қыз іздеп жүр «Етегім ашылып кетсе де...»: Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығын көрсетпесе болмайтынын айтты Мақпал Жүнісова жеті жыл заңсыз некеде тұрғанын айтты Сарыағашта даун синдромы бар баланы мұғалім таяқпен ұрып тастаған АҚШ-та Трампқа арнап мүсін орнатылды «Әкесі осы қызым үшін ауру боп тындым деді»: Әнару Құрманалиеваның адвокаты оны қорғаудан бас тартты «Себебін анықтап жатырмыз»: Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды «Терісіне жеңіл зақым келген»: Дональд Трамптың денсаулығына қатысты деректер жария болды Найзағай, шаңды дауыл: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды «Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды