«Қайрат азаматтық қайратымен қасыңнан табылсын»: Дана Нұржігіт актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
30.01.2025, 15:15
1353
«Қайрат азаматтық қайратымен қасыңнан табылсын»: Дана Нұржігіт актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау көрсетті жеке мұрағатынан

Жұлдыз Әбдікәрімова құны 170 млн теңге болатын үйінен айырылып қалған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист Дана Нұржігіт алаяқтарға алданып 170 млн теңге тұратын үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау көрсетті.

«Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады! Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулықты да берген. Енді өзің үшін, балаларың үшін жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл, сұлулығыңа бет қаратпайтын қатулық қос! Әділет іздеген адам осының бәрін сауыттайын киіп жүруге мәжбүр болады. Бұл – «соғыс!»

Алаяқтар тайраңдап, өз төрімізді өзімізге көр қылуға дейін барады. Сыртымыздан күліп отырады. Мен де көрдім ондайды! Біреудің адал нанына таласып, біреудің баласының ауызынан дардай басымен тартып алуға арланбайтын көргенсізді. Күрес, жаным! Белді бекем бу! Ол-балаларыңның несібесі, сенің еңбегің, табан ақы, маңдай терің! Неге балаларыңмен далада қалуың керек екен?! Неге ол сенің денсаулығың,кәсібің мен берекеңді алған иттігі үшін жауап бермеуі керек?!

Өтесін! Қайтарсын! Адвокатың да мықты болсын! Мен сен жақпын, жаным! Балаларымыз бірге оқиды. Нарұлдың көңілін де көріп жүрмін. Қатты уайымдайды, алаңдайды ботақан. Құдай қуат берсін саған! Не де болса, Қайрат азаматтық қайратымен, ісімен де, сөзімен де қасыңнан табылсын деймін. Бұл – сынақ. Бір бол!

Құшақтап, сүйдім сені, сіңілім!», – деп жазды ол.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды