«Күдіктене бастады»: Жұлдыз Әбдікәрімова үйінен айырылып қалғанын күйеуіне қалай жеткізгенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
30.01.2025, 19:13
1204
«Күдіктене бастады»: Жұлдыз Әбдікәрімова үйінен айырылып қалғанын күйеуіне қалай жеткізгенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

2022 жылы Қайрат бірдеңе дұрыс емес екенін сезді дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан төрт жыл бұрын құны 170 миллион теңге болатын зәулім үйінен қалай айырылып қалғанын, оны күйеуі Қайрат Нұртасқа қалай жеткізгенін ашып айтты.

Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында баспана өзгертуге қатысты шешімге бармас бұрын күйеуімен ақылдасқанын айтты. 

«Әлемде пандемия болып, карантин кезінен шыққан кезде бізде балалар әлі кішкентай еді. Балалар үйде қамалып отырып қалды, есік алдына шыққысы келеді. Дастарқан басында балалар жер үй болғаны жақсы деген сөздер айтып жүрді. 

Үйді сату немесе алмастыру үшін заң түрінде жолдасыңның келісімі болуы керек. Сондықтан Қайрат бұл жайлы білді. Қайратпен бардық, көрдік, ақылдастық, әуежайға жақын екені ұнады. Ұсынысы бізге ыңғайлы болды. Қайратқа да ол жер ұнады» – деді актриса.

Оның сөзінше, Қайрат Нұртастың баспанаға қатысты сұрақтары көбейіп, күмәндана бастаған.

«Кейін Қайрат менен енді қашан болады деп сұрай берді. Ол күдіктене бастады. Негізі Қайраттың интуициясы өте жақсы дамыған. Ол 2022 жылдың соңында бірдеңе таза емес деді. Алаяқ болып шыққанын естігеннен кейін, әрине, Қайратқа айттым. Осындай жағдай болып қалды дедім. Ол сабырлықпен қабылдады.

Бастысы, аман болайық, еңбектеніп, тағы да бір үй алармыз деді. Енді не істейсің деді. Мен «соңына дейін барамын» дедім. Әйтпесе, ол алаяқ ертең өзгені де алдайды», – дейді өнер иесі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды