«Тәрбиелегім келді»: сержант сарбазды саңырау қылғаны үшін 2 млн теңге төлейді

31.01.2025, 12:33
653
«Тәрбиелегім келді»: сержант сарбазды саңырау қылғаны үшін 2 млн теңге төлейді SMARTNEWS.KZ иллюстрациясы / DALL-E нейрожелісі өңдеген

Оның бетінен кітаппен ұрған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе гарнизонының әскери соты сарбаздың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін 22 жастағы сержантты 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесті. Бұл туралы Press.kz жазды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталған 2024 жылдың 28 тамызы күні кешке казарма дәлізінде насыбай пайдаланып жатқан әскерге шақырылған азаматты байқап, оның ісінген төменгі ернін көрген. Әскери бөлімде насыбайды қолдануға тыйым салынғандықтан, сержант ескерту жасап, оны дереу жұтып қоюды талап етті, сарбаз мұны бұлжытпай орындаған.

Келесі күні сержант сарбазды киім кептіру бөлмесіне апарып, дене жаттығуларын жасауға мәжбүрлеген. Амалы таусылған жауынгер еденге құлап, насыбайды кімнен алғанын айтқан. Содан кейін сержант сарбазды кеңсеге апарып, куәгерлердің көзінше кітаппен бетінен ұрып, кейін бірнеше рет ұрып-соққан. Осыдан кейін жәбірленушінің құлағы шулай бастаған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, сарбаздың сол жақ құлағы жарылып, есту нервінің жедел невритімен асқынған және есту қабілетінің жоғалуы түріндегі құлақ қалқаны зақымдалғаны анықталған. Бұл жарақат денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына (21 күннен астам) әкелгендіктен, орташа ауырлықтағы дене жарақатына жатқызылды.

Сержант өз кінәсін мойындады. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан бөлек, одан жәбірленуші 30 миллион сұрағанымен 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Сот үкіміне жәбірленуші тараптың өкілі наразылық келтіріп, азаматтық талапқа қатысты сот үкімімен келіспейтінін білдірді. Ол өмір бойы есту қабілетінен айырылғандықтан жәбірленуші мемлекеттік қызметке немесе құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігінен айырылғанын атап өтті. Шағымда үкімнің күшін жойып, жәбірленушінің азаматтық талап арызын толық қанағаттандырып, өкіл жұмсаған қаражатты толық өндіруді сұраған. Бірақ сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды