Үш баланың анасы қар күреп жүріп көз жұмды

Аиса Махамбет Редактор
31.01.2025, 15:51
1173
Үш баланың анасы қар күреп жүріп көз жұмды SMARTNEWS.KZ иллюстрациясы / DALL-E нейрожелісі өңдеген

Ақмолалық көпбалалы ана екі күн бұрын баласын түсіріп алған екен…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында 31 жастағы көпбалалы ана жүктіліктің 8-аптасында баласынан айырылып, екі күннен кейін қар тазалап жатқанда жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды.

Марқұм 27 қаңтар күні аудандық ауруханаға қан кету диагнозымен жеткізілген. Дәрігерлер жүктіліктің тоқтап қалуына байланысты оған шұғыл ота жасап, жағдайын бақылаған. Алайда әйел ауруханада ұзақ уақыт болудан бас тартып, үйіне қайтуды жөн көрген.

Дәрігерлердің айтуынша, пациентпен байланыс үзілмеген, ол денсаулығына қатысты ешқандай шағым білдірмеген. Алайда 29 қаңтарда әйел үйінде қар тазалағаннан кейін жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Оны ауыр хәлде Есіл аудандық ауруханасына жеткізіп, ішкі қан кетуіне байланысты шұғыл операция жасалғанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты алдын ала тергеу жұмыстарын бастады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 қаңтарда марқұм аудандық аурухананың гинекология бөлімшесіне түскен. Сол күні оған операция жасалып, кейін өз еркімен үйіне шығарылған. Алайда 29 қаңтарда жедел жәрдеммен ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды, – деп хабарлады полиция департаменті.

Оқиғаның нақты себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті