5 минуттан артық көлік қыздыру үшін салынатын айыппұл заңда жоқ болып шықты

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2025, 14:45
870
5 минуттан артық көлік қыздыру үшін салынатын айыппұл заңда жоқ болып шықты pixabay.com / stux

Депутаттар мемлекеттік органдардың салғырттығын сынға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көлікті бес минуттан артық қыздыру үшін айыппұл қарастырылмаған.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев депутаттық сауалында көлікті қыздыруға қатысты айыппұлды алып тастауды талап еткен болатын.

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха түсіндіргендей, жол қозғалысы туралы заңдағы "бес минут" ережесі "тоқтау" мен "тұрақ" ұғымдарын ажырату үшін енгізілген.

"Тұрақ" – бұл көліктің қозғалысын бес минуттан артық әдейі тоқтатуы. Яғни, мен бір жерге барып, көлігімді бес минуттан артық қойып қойсам, бұл тұрақ болып саналады. Ал көлікті қыздыруға қатысты ешқандай бес минуттық шектеу жоқ. Сондықтан, меніңше, бұл талап дұрыс байланыстырылмаған. Егер көлік елді мекенде қосылған күйде тұрып, тұрғындарға ыңғайсыздық тудырса, яғни түнде "Газель" қосылып, балалардың ұйқысын бұзса немесе басқа адамдарға кедергі келтірсе, тұрғындар тарапынан шағым түссе ғана жауапкершілік қарастырылады, – деп түсіндірді вице-министр.

Депутат Бақытжан Базарбек "Көлікті қыздыруға қатысты айыппұл туралы дүрбелең – мемлекеттік органдардың салғырттығы" екенін атап өтті.

Сіздер, мемлекеттік органдар, бұл заңда мұндай шектеу жоқ екенін түсіндірулеріңіз керек еді. Бірақ сіздер халыққа дұрыс ақпарат бермей, бәрін бес минутпен байланыстырып қойдыңыздар. Соның салдарынан халық арасында дүрбелең туды. Бұл түсіндіру жұмыстарын Ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар бірлесіп жүргізуі тиіс еді. Қазір біз осы түсіндіру жұмыстарының жоқтығының салдарын көріп отырмыз. Осы мәселені хайпқа айналдырып жатқандар көп, – деді халық қалаулысы.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады