Ер адам имамның зәулім үйі бар деп жала жапқаны үшін 700 мың теңге төлейтін болды

Аиса Махамбет Редактор
07.02.2025, 15:53
1327
Ер адам имамның зәулім үйі бар деп жала жапқаны үшін 700 мың теңге төлейтін болды бейнежазбадан алынған кадр

Зәулім үйді бас имамның үйі деп айтқаны үшін жазаланбақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан азаматтың ісін қарады.

Тергеу барысында құқық бұзушы әлеуметтік желілерде зәулім үйдің бейнеролигін жариялап, оны халықтың қайырымдылыққа берген қаражатына салынғанын және Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін мәлімдегені анықталды. Бұл әрекеті арқылы ол жәбірленушінің ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің нақты кімге тиесілі екенін және қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін түсіндірді. Ол бейнероликті тек қызығушылық үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді. Жәбірленуші соттан өзін қаралаған адамды заң аясында жазалауды сұрады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 73-3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл (707 760 теңге) немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алды. Нәтижесінде, сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 180 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады