«Баяғы қазақ стилімен дайындаймын»: Бақыт Сәрсекбаев құрама боксшыларын жаттықтыра бастады

07.02.2025, 16:36
786
«Баяғы қазақ стилімен дайындаймын»: Бақыт Сәрсекбаев құрама боксшыларын жаттықтыра бастады жеке мұрағатынан

Бақыт Сәрсекбаев елге оралғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал боксшы, Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жауапты қызметке тағайындалды.

Былғары қолғап шебері енді ұлттық құрама жанынан ревервтік құрама дайындайтын болады. Сол үшін ол елге оралғанын айтты. Сәрсекбаев өзінің міндетін де түсіндірі кетті.

Менің шетелден елге қайтқанымды естіп жатырсыздар ғой, сірә. Президентіміздің тапсырмасымен, туризм және спорт министрінің шақыруымен елге қайттым. Маған министрдің берген тапсырмасы – ұлттық құрама жанынан резервтік құрама құру.

Бұйыртса, 12-19 ақпан аралығында 18-22 жас аралығындағы боксшылар арасынан резервті құрамаға іріктеу чемпионаты өтеді. Сол құрамада жүлделі орынды меншілеген жас боксшылар менің қол астымда жаттығуды бастайды.

Жалпы, бұл құраманы құру мақсатымызды түсіндіре кетсем. Мақсат – бірінің жалынан бірі тістеп тұрған, ұлттық құрамдағы барлық салмаққа бәсекелес/резрв дайындау. Қазіргі ұлттық құрама өзінің жағдайын Олимпиадада, Азия чемпионатында көрсетті. Спортшылардың бұлай әлсіреуі – бәсекелестіктің жоқтығы. Өз салмағында текетіресіп тұрған мықты бәсекелесі болмаса, спортшы өспейді, босаңсып кетеді, - деді боксшының өзі.

Сонымен қатар ол отандық бокс тарихындағы ең мықты құраммен бірге жаттығу жасағанын және бастан өткерген қиын сәттерді есіне алды.

Мен ең мықты ұлттық құрамада болдым, ол кезде Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Гена Головкин, Серік Елеуов, Қанат Әбуталипов, Мейіржан Рахымжанов, Галиб Джафаров сияқты кіл мықтылар болды. Бір салмақта 5-6 мықтыдан болдық. Ұлттық құрама әкеңнің төрі емес екенін білеміз, еркелігің ешкімге керек емес, қалт етсең, сенің орныңды басатын резерв толып жүр, тек жаныңды салып, тер төксең ғана дегеніңе жете аласың. Жыртылған аяқ киімді өзіміз тігіп алып, кірімізді өзіміз жудық.

Жыртық матраста, бір бөлмеде 3-4 баладан жатып, Бүргөліктің тау мен тасын кезіп жаттыққан сол құрама елімізге бірнеше Олимпиада/әлем чемпионын берді, - деп ойын бөлісті ол.

Бақыт Сәрсекбаев бүгінгі таңда боксшыларға барлық жағдай жасалғанын, бірақ соңғы жылдары қазақ боксы түбегейлі өзгергенін тілге тиек етті. Сәрсекбаев енді сол аға буынның ізін жалғап, олимп шыңын бағындыратын боксшылар дайындауға атсалысатынын алға тартты.

Қазір мен бірнеше спорт базаларын аралап көрдім, керемет жағдайлар жасалған. Тіпті біз армандамаған нәрселер бар. Тек дайындал да, результат көрсет.

Қуантарлығы - талантты жастар баршылық, қынжылтарлығы - бүгінгі бокстың стилі түбегейлі өзгеріп кеткен. Осы соңғы 10-15 жылда баяғы қазақ стилі 100% өзгеріске ұшыраған.

Менің жаттығуларым жеңіл болмайтынын боксшылар біледі, сол үшін де маған жүрегінде түгі бар, көзінде оты бар, амбициясы биік, жаттығудан шаршамайтын балалар ғана келеді. Олимпиада чемпионы болам дегендер келеді.

Ал мен болсам оларға баяғы қазақ стилімен, өз техникаммен бөлісіп, Олимп шыңына жеткізуге барымды саламын, - деп қосты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді