Полиция бастығының қыз зорлауы: Күштібаевтан кейін зорланған қыз да, оның әйелі де істі болып жатыр

07.02.2025, 17:43
1050
Полиция бастығының қыз зорлауы: Күштібаевтан кейін зорланған қыз да, оның әйелі де істі болып жатыр Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Зорланған қызға «Алаяқтық» бойынша, ал Күштібаевтың әйеліне «Пара беру» ісі бойынша айып тағылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында сот Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың зорлық-зомбылығына ұшыраған қызға қатысты істі қарайды. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Онымен бірге оның сүйіктісі мен хатшысы да болған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Іс материалдарынан (редакцияда бар) анықталғандай, сол кездегі сотталушы Күштібаевтың әйелі оның ісі қаралып жатқан кезде сот хатшысы арқылы зорланған қызғм 40 миллион теңге аударған. Бұл ақша үшін соңғысы соттағы айғақтарын өзгертуі керек еді. Бойжеткен ақшаны алып, бірақ айғағын өзгертпей, Күштібаев «Қызметтік міндеттерін орындау кезінде күш қолданып зорлау» бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыдан кейін Күштібаевтың әйелі алаяқтық фактісі бойынша полицияға арыз түсірген.

Сот хатшысы өз кезегінде құқық қорғау органдарына зорлық-зомбылық құрбанын, оның адвокатын және Күштібаевтың әйелін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түсірген.

Құқық қорғау органдары Күштібаева күдікті ретінде «Пара беру» бабы бойынша іс қозғады, ал сот хатшысы бұл іс бойынша қорғау құқығына ие куәгер мәртебесіне ие.

Тағы бір қылмыстық іс «Алаяқтық» бабы бойынша қозғалды. Бұл іс бойынша зорлық-зомбылық құрбаны мен оның жігітімен бірге сот хатшысы күдікті, ал сотталған полиция қызметкерінің әйелі жәбірленуші болып табылады.

Аталған істер бойынша Көксу аудандық сотында қаралған сот процестері аяқталуға жақын. Тараптардың адвокаттары екі процесті бір іске біріктіріп, қосымша тергеу үшін прокуратураға қайтаруды сұрады, бірақ сот өтінішті қанағаттандырмады.

Іс бойынша келесі сот отырысы 13 ақпанға белгіленген.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. 2024 жылдың сәуір айының соңында Күштібаев кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол марапаттарынан және «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды