«Мә, сор» деді»: атыраулық полицейлердің оны күштеп байлап, белгісіз препарат еккенін айтып шағымданды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
08.02.2025, 16:16
1194
«Мә, сор» деді»: атыраулық полицейлердің оны күштеп байлап, белгісіз препарат еккенін айтып шағымданды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Белгісіз препарат еккені үшін жауапқа тартпаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау тұрғыны Мейірімбек Қалижанов полиция бөлімінде өзіне белгісіз препарат егілгенін айтып, шағымданды. Оның сөзінше, дәрі еккеннен кейін есін жоғалтқан. Бұл туралы Аzattyq.org жазды.

Атырау қаласының тұрғыны Мейірімбек Қалижанов кешке дәмханаға барған. Бірақ бұл сапары сәтсіз аяқталды: мекеме әкімшілігі күзетшілердің көмегімен оның телефонын тартып алған. Мейірімбек полиция шақырғаннан кейін келген наряд телефонын қайтарып берген. Алайда полиция қызметкерлері оның ұрлық туралы арызын қабылдаудан бас тартқан. Оған "алдымен наркологтан есі дұрыс екені туралы анықтама әкел" деген талап қойылған.

Мейірімбектің айтуынша, ол мүлде ішімдік ішпейді, тіпті өзі басқаратын дүкенде де спиртті өнімдерді сатуды тоқтатқан. Сондықтан ол сабырмен медициналық тексерістен өтуді шешкен. Ол барлық қажет сынақтардан өткен, ал анықтаманы алуға дайындалып жатқанда, жағдайға форма киген қызметкер араласқан.

"Сол полицей маған "Мына процедураларды да орындау керек" деп айтты. Мен келістім. Ол маған бір құрылғысын беріп, қазақша "мә, сор" деді. Оған наразылық білдірдім. "Сіз полиция қызметкерісіз, неге бұлай сөйлейсіз?" деп айттым. Сол кезде әлгі полицей ашуға булығып, медбикеге "Рәсімде оған!" деп бұйрық берді", – дейді Мейірімбек.

Сол кезде бөлмеге санитарлар кіріп, Мейірімбекті күштеп ұстап, ішкиіміне дейін шешіндіріп, қол-аяғын байлап, матрасы жоқ кереуетке жатқызған. Кейін оған белгісіз препарат салған. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Мейірімбектің айтуынша, дәріні еккеннен кейін жүрек тұсы шаншып, демалуы қиындаған, сосын есінен танып қалған. Екпенің әсері келесі күні де байқалған – ол тепе-теңдігін сақтай алмай, өзін әлсіз сезінген.

Сол медициналық мекеменің қызметкерлері оны "орташа дәрежедегі масаң күйде болды" деп құжат толтырған. Бірақ видеоларда оның есін білген күйде екені анық көрінеді. Алайда наркологиялық клиника әкімшілігі бейнежазбаларды жойып жіберген.

Бақытына орай, оның адвокаттары видеоны өшірілмей тұрып көшіріп алған. Есін жиған соң, Мейірімбек полицияға тағы барып, өзін азаптағаны туралы арыз жазған. Бірақ оған ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция комитетінен жауап келген.

"Сіздің арызыңызда көрсетілген жайттар бойынша Атырау облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізді. Тексеру кезінде полиция қызметкерлерінің заң бұзғаны анықталған жоқ. Сондықтан бұл шешімді қайта қарауға негіз жоқ", – делінген жауапта.

Мейірімбектің айтуынша, тергеу де, сот та адвокаттары ұсынған видеоларды қарауға тырыспаған.

"Біз осы видеоматериалдарды зерттедік, ол жерде анық азаптау іздері бар. Қатты қатыгездік көрсетілген! Адамды ешқандай сараптамасыз байлап тастап, бірнеше дәрі егу – ақылға сыймайтын нәрсе!" – дейді құқық қорғаушы Дария Ұлжағалиева.

Осы уақытқа дейін оның прокуратура мен құқық қорғау органдарына жасаған шағымдары нәтиже бермеген. Ешкімді оны күштеп ұстағаны, белгісіз препарат еккені үшін жауапқа тартпаған.

"Полиция департаменті өз әрекетін наркологиялық диспансерге сілтейді. Ал өздерін өзі тексеріп, заңбұзушылық таппаған. Менің ойымша, олар адамгершіліктен ада болған. Көздерінде еш сезім жоқ, тас мүсін сияқты. Кейде кәсіпкер ретінде мұндай адамдарды асырау үшін салық төлегім де келмейді!" – деп күйінеді Мейірімбек.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті