Маңғыстауда вейп үшін төрт баланың әкесі бас бостандығынан айырылды

Аиса Махамбет Редактор
08.02.2025, 16:52
595
Маңғыстауда вейп үшін төрт баланың әкесі бас бостандығынан айырылды ria.ru / Александр Вильф

Маңғыстауда ер адам сотталып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстан азаматы вейпестерді заңсыз әкелгені үшін түрмеге қамалды. Шетелдікке қатысты үкім Бейнеу аудандық сотында жарияланды.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам 2024 жылдың 22 желтоқсанында Өзбекстанға заңсыз әкелу мақсатында Мәскеуден 4 550 дана вейп сатып алған. Туған елінің шекарасынан өте алмаған ол электронды құрылғыларды кейін сату үшін Қазақстанға тауарды заңсыз тасымалдауды жоспарлаған.

Сотталушының кінәсі оның кінәсін мойындауымен, куәлардың көрсетулерімен, сараптамалық қорытындылармен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді. Ер адам өз кінәсін толығымен мойындап, өкініп, жазаның ең төменгі мөлшерін сұрады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) заңсыз әкелгені үшін жаза айыппұл салуды немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды, не бас бостандығын шектеуді не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін, кінәсін мойындауын және шетелдіктің кәмелетке толмаған төрт баласының болуын таныды. Ауырлататын факторлар – анықталмаған.

Өзбекстан азаматы бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында үкім заңды күшіне енді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды