«Зорлады деп айт»: «Ерекше схема» арқылы ақтөбеліктен ақша бопсалаған жас жігіттер ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2025, 15:35
714
«Зорлады деп айт»: «Ерекше схема» арқылы ақтөбеліктен ақша бопсалаған жас жігіттер ұсталды Polisia.kz

Ақтөбеде ақша бопсалаған жас жігіттер қолға түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 ақпанда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілерді "ізін суытпай" ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын мен 19 жастағы бойжеткен екені анықталды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіні бопсалау схемасын құрғаны белгілі болды.

Жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан қыз оны жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін бұл жерге күдіктілер келіп, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған. Олар бойжеткеннің кәмелетке толмағанын және жігіттің оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскенін хабарлап, жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған. 

Ұсталғандар кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды