SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 16-шағын ауданда орналасқан «Аман» тұрғын үй кешенінің шлагбаумын мас ер адам бүлдірді. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалып, видео әлеуметтік желіге тарап кеткен.
Кадрларға қарағанда, тұрғын үй кешенінің автоматты шлагбаумы бір сәтте құрылғымен төбелесіп кеткен мас адамға «қарсылас» болған.
Бір минутқа созылған кескілескен ұрыс нәтижесінде Ақтау қаласының тұрғыны бөгетті басқа жаққа бұрып тастады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қылмыскерді қазірдің өзінде іздестіріп жатқанын хабарлады.
Күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, содан кейін ол жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады ведомстводан.