Табысы аз қазақстандықтарға несие беру талаптары қатаңдайды

16.02.2025, 11:40
628
Табысы аз қазақстандықтарға несие беру талаптары қатаңдайды Shutterstock

Қазақстандықтардың қарызын азайту шаралары жасалмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен кеңес өткізді.

Жиын барысында қазақстандықтардың қарыздық жүктемесін азайту шаралары талқыланды. Табысы төмен азаматарға несие беру талаптары күшеймек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруді міндеттеуді ұсынды. Сондай-ақ қаразын мерзімінен кешіктірген қазақстандықтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізгісі келетінін жеткізді.

Агенттік банктердің қаржылық тұрақтылығына теріс әсер ететін “нашар” несиелердің жиналуының алдын алу үшін қосымша шараларды (нормативтік және заңнамалық) қарастырады.

Банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы керек. Яғни, қарыз алушылар қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, олар несиелердің шарттарын қайта қарастырады. Ең алдымен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ кездесуде "Даму" қоры негізінде шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелерін кепілдендіру қоры құру мәселесі қаралды.

Банктер мен мемлекет кепілдік қорының шарттарын талқылауды жалғастырады. Бұл көптеген кәсіпорындардың қордан кепілдік алуына мүмкіндік береді.

Ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту үшін Жобалық кеңсенің рөлі күшейтіледі. Бұл банктер мен "Бәйтерек" холдингі қатысатын синдикацияланған несиелер арқылы ірі жобаларды қаржыландыруға көмектеседі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды