«Имамдарды тексеру керек»: Блогер имамдардың табысын тексеру керегін айтты

Аиса Махамбет Редактор
20.02.2025, 12:36
742
«Имамдарды тексеру керек»: Блогер имамдардың табысын тексеру керегін айтты жеке мұрағатынан

Қазір Алланың атын жамылып, ақша тауып жатқандар көп дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал желі жұлдызы, әзілкеш Алексей Лодочников блогерлермен қатар имамдардың да табысын тексеруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Желі жұлдызы алдымен блогерлерге қатысты пікір білдірді.

"Кешеден бері көріп жатырмыз. Еліміздегі блогерлерді салық комитеті тексеріп жатыр. Кім қанша салық төлемегенін, қанша қарызы барын біліп жатырмыз. Менің ойымша, дұрыс болды. Себебі, блогерлердің шалқып жүргеніне қанша уақыт болды. Барлығы конкурстан басталды. Сосын гив, марафон, лоторея кетті. Тіпті олардың арасында букмекерлік ұйымдарды жарнамалайтындар да бар. Мен өзім блогер болғаннан кейін оның қандай табыс әкелетінін білемін. Менің осы сөзімнен кейін сен де блогерсің ғой, неге бұлай сөйлеп отырсың дейтіндер табылады. Мен өз басым тазамын. Керек болса, қызық болса, барып тексерсін. Ондаған көлік пен пәтерім жоқ. Оны оқырмандарым, таныстарым, достарым біледі. Тізімде бар блогерлер мемлекеттік кірістер комитеті дұрыс есеп жүргізбеген деген сыңайдағы видеолар жариялай бастады. Қайта тексеріңдер деп жатыр. Сол видеоларды көріп, одан да халықтың мұңын осылай жеткізсе ғой деп ойладым. Шынымен де дұрыс емес болса дәлелдеуге болады ғой. Салықты бәріміз уақытылы төлеуіміз керек", — дейді ол.

Одан кейін блогер имамдар мен шіркеудегі дін қызметкерлерінің де "көрсетпей" жүрген табысын тексеруді ұсынды.

"Қазір маған хейт болатынын білсем де, көп адамның ойында жүрген бір дүние айтамын. Блогерлермен бірге қазір имамдар мен шіркеудегі шырақшылар де табысын тексеру керек. Бәрін емес. Бірақ, тұсаукесер, той болсын, жалпы көп жиындарға имамдар қатысады. Олар Алла разылығы үшін деп тегін келмейді. Мүмкін, ондайлар да бар шығар. Дегенмен, олар аз. Қазір Алланың атын жамылып, ақша тауып жатқандар көп. Соларды тексеру керек", — дейді желі жұлдызы. 

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады