842

Астанада ұшаққа «тегін» отырмақ болған ер адам ұсталды

Ер адам жалған билет жасатқан.

Астанада ұшаққа «тегін» отырмақ болған ер адам ұсталды
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада ұшаққа жалған билетпен отырмақ болған ер адамның заңсыз әрекеті отырғызу талонын тіркеу кезінде әшкере болды. Ол сол арада ұсталып, сот қаулысымен 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Елорданың пробация қызметінің бөлімі ер адамның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1-бөлігі бойынша бағалағанын нақтылайды. 

"Сот үкімімен азамат "К-ға" 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза тағайындалды. Сөйтіп ол елорданың пробация қызметі бөлімінің есебіне қойылды. Әкімдік маманы белгілеген жұмыс жоспарына сәйкес сотталған адам қоғамдық жұмыстар кезеңінде қаланың аумағында қар тазалау жұмыстарымен айналысатын болады", - деді елордалық пробация қызметінің қызметкері Ернар Ильяшев.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор