Павлодарда жоғалып кеткен 52 жастағы бизнесменнің мәйіті табылды
Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары іс-түзсіз жоғалған ер адамның мәйітін тапқан.
Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деді департамент.
Департамент оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын айтты.
Айта кетейік, 21 ақпан күні түс ауа 52 жастағы Асұлан Нұрмағамбетов ақ түсті Toyota Camry-50 көлігімен Жеңіс алаңы көшесіндегі үйінен жұмысқа шыққан. Бірақ ер адам үйіне оралмаған.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор