Құлсарылық бұзақылар 17 жасар Эльдар Аманбекті басқа адаммен шатастырып пышақтап кеткен

Аиса Махамбет Редактор
27.02.2025, 10:48
623
Құлсарылық бұзақылар 17 жасар Эльдар Аманбекті басқа адаммен шатастырып пышақтап кеткен бейнежазбадан алынған кадр

12 адам жасөспірімді асқан қатігездікпен өлтіріп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құлсарыда бір топ жігіт 17 жастағы жасөспірімді басқа адаммен шатастырып пышақтап кеткен деген күдікке ілінді.

Атырау облысы Құлсары қаласында көз жұмған 17 жастағы Эльдар Аманбектің анасының тергеуге көңілі толмайды. Тұңғыш ұлынан айырылған әйел күдіктілердің барлығы қамалғанын қалайды. Айтуынша, 12 адам баласын басқа жігітпен шатастырып, пышақтап кеткен. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жеткізді.

Қайғылы оқиға былтыр қаңтарда болған. 11-сыныптың оқушысы мектепті бітіріп, Алматыдағы жоғары оқу орнына түсемін деп дайындалып жүрген екен. Алайда бозбала бейбіт күнде қыршыннан кетті. Досының туған күніне кетіп, сол күні мерт болды. 

“Эльдар әзілдесіп, шай ішкен кезде бізді күлдіртіп отыратын еді. Баламның жоқтығы кәдімгідей білінеді. Сол күні балам күліп, айнаның алдында билеп, киімін ауыстырып тұрған. Сол кезде бетімнен сүйіп кетті. Шығып бара жатқанда, баламнан “нешеде келесің” деп сұрадым. “Мама туған күн қалай бітеді, солай келемін” деп айтты”, – деді марқұмның анасы Алтынай Шалтаева.

Бейнебақылау камерасына жазылған оқиға былтыр қаңтарда Құлсары қаласында болған. Өз жолымен жүріп бара жатқан көлікті бір топ адам тоқтатып, ішіндегі жігіттерді тепкінің астына алған көрінеді. Сөйтсе күдіктілер баланы басқа адаммен шатастырып, өлтіріп кетті дейді. 

“Ішінде отырған бес баланы ұрып-соғып, пышақтайды. Менің ұлымның аяғын пышақтап, күретамырын кесіп жіберген. Ұлым көп қан жоғалтқандықтан, сол жерде қаза болады. Енді бұл балалар оларды басқалармен шатастырып алдық дейді. Осы оқиғаға қатыстының бәрі өзінің іс- әрекетіне қарай жазасын алса екен деп сұраймын”, – деді ана.

Полиция бірнеше бап бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

“Күдіктілерге қатысты “Адам өліміне әкеліп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян әкелу”, “Бұзақылық” баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Сот органымен 5 күдікті бұлтартпау шарасымен қамауға алынса, 7 күдікті үй қамаққа алынды. Қылмыстық іске қатысты кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сот сараптамалары өткізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі Темірхан Хажмұратов.

Қайғыдан қан жұтқан жанұя іс бұрмаланып, жылы жабылып кете ме деп алаңдайды. Олар тергеу әділ жүргізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылғанын қалайды.

 

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған