Астана әуежайынан ұшқалы жатқан ұшақтан жолаушы секіріп кетпек болды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
27.02.2025, 13:31
704
Астана әуежайынан ұшқалы жатқан ұшақтан жолаушы секіріп кетпек болды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Жолаушының ресейлік азамат екені белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған қысқа видеодан ер адамды ұшақ қызметкері мен жолаушылардың қоршап алғанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам өзін жайсыз сезініп, ұшақтың алдыңғы жағына қарай өткен. Кейін әуе кемесінің ұшуға дайындалып жатқанын біле тұра, есікті ашуға әрекеттенген. Алайда жолаушылар мен экипаж мүшелері оны дер кезінде тоқтатқан.

Оқиғаға байланысты әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіруде. Бірі «Мүмкін, фобиясы бар шығар» десе, енді бірі «Ұшақтың есігін ашса, миллиондаған айыппұл төлер еді» деген пікірде. Сондай-ақ, кей оқырмандар «Паникалық шабуыл кезінде адам өзін басқара алмауы мүмкін» деп түсіністік танытқан.

Әзірге әуе компаниясы бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды