Құстармен соқтығысқан ұшақ әуеде өртеніп кетті

Аиса Махамбет Редактор
03.03.2025, 17:37
652
Құстармен соқтығысқан ұшақ әуеде өртеніп кетті әлеуметтік желіден

Борттағы экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нью-Джерси штатындағы Ньюарк Либерти әуежайынан ұшып шыққан жүк ұшағының қозғалтқышы әуеге көтерілген сәтте отқа оранды.

Бұл жағдай экипажды шұғыл қонуға мәжбүр етті, ал оқиғаның куәгерлері оны өз көздерімен бақылады.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда ұшақтың төтенше жағдайда ұшу-қону жолағына қайта оралғаны және оның оң жақ қозғалтқышынан жалын шыққаны анық көрінеді.

Бұл америкалық FedEx курьерлік компаниясына тиесілі Boeing 767 ұшағы болатын. Ұшу деректеріне сәйкес, әуе кемесі әуеге көтерілгеннен кейін небәрі тоғыз минут өткенде қонуға мәжбүр болды. Нью-Йорк пен Нью-Джерсидің порт басқармасы және FedEx компаниясы қозғалтқыштың өртенуіне құстармен соқтығысу себеп болғанын мәлімдеді.

FedEx 3609 рейсі Ньюарктан Индианаполиске бағыт алған кезде ұшу барысында құспен соқтығысты. Біздің экипаж төтенше жағдай жариялап, сәтті түрде Ньюаркке қайта қонды. Біз пилоттарымыздың және жедел қызметтердің кәсіби әрі жылдам әрекет еткені үшін алғысымызды білдіреміз, – деді FedEx өкілі баспасөзге берген түсініктемесінде.

Қозғалтқыштың зақымдану деңгейі мен өрттің нақты ауқымы әлі анықталған жоқ, алайда кейіннен ұшақтың қайта ұшуына рұқсат берілгені хабарланды.

Борттағы экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қауіпсіздік мақсатында әуежайдағы әуе қозғалысы уақытша тоқтатылып, кейін қалыпты режимге қайта оралды.

Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті