Заң бұзған адамға айыппұл салмаған полицейлер жұмыстан қуылды

Аиса Махамбет Редактор
04.03.2025, 14:50
474
Заң бұзған адамға айыппұл салмаған полицейлер жұмыстан қуылды Polisia.kz

Полицейлер заң бұзған көлікке айыппұл салмағаны үшін жұмыстан шығарылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында полицейлер жол ережесін бұзған Lexus көлігінің жүргізушісіне шара қолданбағаны үшін қызметтерінен босатылды.

Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада патрульдік полиция қызметкерлерінің жылдамдықты асырған Lexus жүргізушісін тоқтатқан сәті түсірілген. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларына агрессивті түрде жауап беріп, олардың нөмірін «есте сақтап алу керектігін» айтқан. Сонымен қатар, 11 жылдық тәжірибесі бар екенін алға тартып, ешқандай жауапкершілікке тартылмастан, көлігіне отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Қостанай – Әулиекөл – Сурған тас жолында орын алған бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, жүргізушінің жылдамдық режимін бұзғаны анықталды. Алайда патрульдік полиция қызметкерлері оған ешқандай шара қолданбаған. Осыған байланысты тәртіптік комиссияның шешімімен екі инспектор қызметтерінен босатылды.

Құқық бұзушының әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәселе жеке тексеру қорытындылары бойынша қаралатын болады.

Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті