Қыз үшін төбелескен оқушыдардың ата-анасы жазаланды

Аиса Махамбет Редактор
06.03.2025, 13:31
683
Қыз үшін төбелескен оқушыдардың ата-анасы жазаланды ura.news

Қарағандыда оқушылар қыз үшін төбелесіп қалды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыдағы Потанин атындағы мектепте 9-сынып пен 10-сынып оқушыларының арасында төбелес орын алды. Оқиға 14 ақпанда болғанымен, бұл туралы ақпарат тек жақында ғана белгілі болды.

Кикілжіңнің басты себебі – 9-сыныптың екі оқушысы бір қыздың суретін танысу сайтына оның толық анкеталық деректері мен телефон нөмірімен бірге жүктегені. Бұл жағдайдан кейін қыз 10-сынып оқушыларынан көмек сұраған, ал олар оның намысын қорғауға бел буды.

14-15 ақпан күндері 9-сынып пен 10-сынып оқушылары кездесіп, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде екі 9-сынып оқушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Мектеп әкімшілігі қақтығысқа қатысушылармен профилактикалық кеңес өткізіп, 10-сынып оқушыларын мектепішілік есепке қойды.

Қарағанды облысының білім басқармасы аталған оқиғадан кейін оқушылар арасында қайталанатын жанжалдардың алдын алу шаралары жүргізілгенін мәлімдеді. Алайда, ата-аналар мен оқушыларға қатысты қосымша шаралар қабылдау құзыретті органдарға тиесілі. Полиция департаменті екі жасөспірімге дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысқан 15 және 16 жастағы үш жасөспірім анықталды. Олар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға шақырылып, полиция есебіне алынды.

Жәбірленушілерге қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады. Сонымен қатар, күдіктілердің ата-аналарына да шаралар қолданылатыны айтылды.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл істің ерекше бақылауда екенін атап өтті. Сонымен қатар, аталған оқиғаны тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту және болашақта осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу тұрғысынан қарастыру маңызды екені айтылды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды