Мамандар Жылыойдағы биіктігі 20 метрге дейін жететін газ алауын тоқтата алмай жатыр

07.03.2025, 10:49
553
Мамандар Жылыойдағы биіктігі 20 метрге дейін жететін газ алауын тоқтата алмай жатыр бейнежазбадан алынған кадр

Мұнай мен газ өндіретін кен орнында газ құбыры жарылып, газ атқылап жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында ауа газ алауы әлі атқылап жатыр. Бұл туралы Kazinform жазды.

 «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Прорва кен орны Жылыой ауданында орналасқан. Аталған кен орнынан «Жылыоймұнайгаз» басқармасы мұнай мен газ өндіреді. 

Кеше, 6 наурызда кен орнындағы № 437 ұңғымада перфорация жүргізілген. Содан кейін сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылаған. Ауаға атқылаған газдың салдарынан сорапты-компрессорлық құбыр істен шыққан. 

— Бұл — консервацияда тұрған кен орны. Ондағы газ атқылауы әлі тоқтаған жоқ, -деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Телеграм арнасының бірі газ алауының биіктігі 20 метрге жеткенін хабарлады. Алайда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі бұл дерекке байланысты ақпарат берген жоқ.

Газ алауын тоқтату үшін «Ембімұнайгаз» АҚ-да жедел штабы құрылып, шұғыл шаралар қолға алынған. Кен орнының аумағы қоршалған. Газ алауын сөндіруге «Ақ Берен», «Семсер Өрт сөндіруші» мамандары тартылған. Сондай-ақ «СОП Атырау» ЖШС-нің мобильді күзеті жұмылдырылған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады