Атырауда бард Табылды Досымовтың ескі «Волгасы» реставрациядан өткізіледі

Аиса Махамбет Редактор
11.03.2025, 12:32
403
Атырауда бард Табылды Досымовтың ескі «Волгасы» реставрациядан өткізіледі әлеуметтік желіден

Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай көлігі жаңартуға жіберілмек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраулық бард Табылды Досымовтың көзі тірісінде пайдаланған «Волга» көлігі үйінің ауласында тұр. Енді ескі көлікті реставрациядан өткізу жоспарланған. Бұл туралы Kazinform жазды.

Табылды Досымов — Индер ауданының тумасы. Ол әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіргенімен, қазақтың талантты ақындары Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Есенғали Раушанов, Светқали Нұржановтың өлеңдеріне бірнеше ән жазған. Сөзін де, әнін де өзі жазып, гитарамен орындаған төл шығармалары көп.

Қазір танымал композитордың «Ұнатамын мен сені», «Биіктік», «Сәйгүлік» әндері жиі орындалады.  «Атыңды сенің айтамын ән қылып неге?», «Қозым-ау» деші күлімдеп Баяндай маған, Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме, Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам…» деп жырлаған Табылды Досымов 45 жасында өмірден өтті. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың айтуынша, ақын әрі композитордың шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау көзделіп отыр. 

— Биыл қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасымен ақын мінген «Волга» автокөлігі реставрациядан өтетін болады. Бұл игі істі облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевпен бірге жүзеге асырамыз, - дейді Дарын Шамұратов.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды