Өз анасын аяусыз өлтіріп, өртеп жіберген жігіт жазадан құтылып кетті

Аиса Махамбет Редактор
12.03.2025, 15:33
551
Өз анасын аяусыз өлтіріп, өртеп жіберген жігіт жазадан құтылып кетті әлеуметтік желіден

30 жастағы жігіт жазасын өтеуге емес, емделуге жіберілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында өз анасын аяусыз өлтіріп, кейін өртеп жіберген жігіт қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот шешімі бойынша 30 жастағы азамат мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Қайғылы оқиға былтыр 10 қарашада Есіл ауданының Явленка ауылында болған. 30 жастағы жігіт өз анасын өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін үйге өрт қойған.

Аталған іс Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық жағдайда қаралды. Өйткені айыпталушының психикалық ауытқуы бар. Ол бірден Алматы облысындағы емдеу мекемесіне жіберілген. Сондықтан үкім оқылғанда сот залында болған жоқ. Оның заңды өкілі ғана қатысты.

"Сот қаулысымен Константин Белопухов Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (Аса қатыгездiкпен жасалған адам өлтіру), 108-баптың 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 202-баптың 2-бөлігі, 1-тармағында (Бөтеннің мүлкін өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен бүлдіру) көзделген қауіпті әрекеттерді ақылсыз күйде жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қылмыстық кодекстің 16-бабына (Есi дұрыс еместiк) сәйкес, ол Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас кентінде орналасқан мамандандырылған психиатриялық стационарға жіберілді. Оған емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалсын", – деді үкімді оқыған судья Ерлан Нұршарыпов.

Кейін шығарылған шешімді түсіндірген Ерлан Нұршарыпов Константин Белопуховтың созылмалы психикалық аурумен ауырғанын айтты. Оны сараптама қорытындысы да көрсеткен. Белопухов қылмыс жасаған уақытта өз әрекеттеріне есеп бере алмаған.

Айта кетейік, 30 жастағы Константин Белопухов бұрын істі болмаған. Ол соңғы уақытта Ресейдің Омбы қаласында тұрған. Анасына қонаққа келген екен.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды