Қазақстанның тәжірибесі цифрландыру деңгейі төмен елдерге таратылуы мүмкін

09.03.2023, 20:52
612
Қазақстанның тәжірибесі цифрландыру деңгейі төмен елдерге таратылуы мүмкін

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АҚШ-та БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Бас хатшының технология мәселелері жөніндегі өкілі Амандип Сингх Гиллмен кездесті, деп smartnews.kz сайты.

Министр бұл жайында Instagram парақшасында жазды.

«Кездесу барысында Қазақстандағы цифрлық саланың мәселелеріне тоқталдық, Гилл мырзаға цифрландыру саласында қандай жобаларды жүзеге асырып жатқанымыз, оның ішінде TechOrda бағдарламасы және IT маман даярлау, GovTech платформасын әзірлеу, сондай-ақ бірінші кезекте қызмет көрсету саласында «адамдарға бағдарлану» қағидасына назар аудара отырып, Көрінбейтін үкімет /Invisible Government жүйесін енгізіп жатқанымызды айттым»,- дейді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, Қазақстан цифрлық ынтымақтастықтың жол картасында баяндалған барлық бағыттар бойынша жұмыс істеп жатыр.

Қазақстандық делегация негізгі басымдықтың бірі ретінде жасанды интеллектің дамуын талқылап, Бас хатшының орынбасарына Smart Data Ukimet жүйесін таныстырған.

«Сондай-ақ, өз функцияларын жасанды интеллект және блокчейн сияқты озық цифрлық технологияларды пайдалануға байланысты цифрлық шешімдерді ұсынуға ғана емес, сонымен қатар осындай озық шешімдерді басқа да елдерге мүмкіндігінше ұсынуды көздейтін Цифрлық шешімдер орталығын құру идеясы туралы айттым. Кездесу соңында Гилл мырзаны Digital Bridge-2023 форумына қатысуға шақырдым», - деп жазады министр.

Бағдат Мусин БҰҰ-дағы іс-шаралар алаңында Халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин Богдан-Мартинмен де кездескенін айтады.

Оның барысында цифрландыру деңгейі дамуды қажет ететін басқа елдерге Қазақстанның тәжірибесін бөлісу мүмкіндіктері талқыланған.

«Сонымен қатар, еліміздің басқа елдерге опенсорз форматында қазақстандық өнімдерді ілгерілетуді көздейтін Govstack бастамасына қосылуға дайын екенімізді жеткіздік. Жерді қашықтан зондтау мәселесін пысықтау бойынша еліміздің тәжірибесі талқыланды және оны басқа елдерге де тарату керек деген ойға келдік. Еліміздің аумағын байланыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді өзектендіру мәселесі жеке талқыланды»,-деп түйіндеді министр.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады