853

Көпбалалы ананы отырыс кезінде өлтіріп кетті

Жетісу облысында 6 баланың анасы кісі қолынан өлді.

Көпбалалы ананы отырыс кезінде өлтіріп кетті
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысы Ескелді ауданында отырыс кезінде 6 баланың анасы кісі қолынан қаза тапты. 

Облыстық полиция департаменті ішімдік қойылған отырыс кезінде әйел адамның кісі қолынан қаза тапқанын растады.

“Ескелді аудандық полиция бөлімі алкогольдік ішімдік ішу кезінде адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды”, – деп мәлімдеді полиция.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болады.

Құқық қорғау органдары алкогольді шамадан тыс пайдалану қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Материал авторы