Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен жаншып өтіп, мүгедек қылған

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2025, 13:40
508
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін әдейі көлікпен жаншып өтіп, мүгедек қылған depositphotos.com

Әйел бір аяғынан айырылып қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда 41 жастағы әйел азаматтық некедегі бұрынғы күйеуінің әрекетінен ауыр жарақат алып, бір аяғынан айырылды.

Оқиға 2025 жылдың 6 қаңтарында таңертең болған. Жергілікті телеграм-арналардың хабарлауынша, жәбірленуші Виолетта – екі баланың анасы, оның үлкені 14 жаста, ал кенжесі небәрі екі жаста.

Туыстарының айтуынша, сол күні бұрынғы күйеуі Виолеттаға хабарласып, жұмысқа жеткізіп салуды ұсынған. Әйел бас тартқанымен, ер адам оны көлігіне салып, күштеп жұмыс орнына қарай алып кеткен. Жол бойында олардың арасында жанжал туындап, Виолетта көліктен түспек болған, бірақ ер адам оны ұзақ уақыт бойы шығармай қойған. Ақыры, әйел оның қолынан сытылып шығып, аялдамаға қарай жүгіре жөнелген сәтте күдікті оны әдейі көлікпен қағып өткен.

Ауыр жарақат алған Виолеттаға дәрігерлер шұғыл операция жасап, бір аяғын ампутациялауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта мамандар оның екінші аяғын сақтап қалу үшін күресуде.

Павлодар облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, күдікті қамауға алынған. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды